Шы; ыс; аза; стан Облысыны; бруцеллез ауруы бойынша статистикалы; м; ліметтері

Шығыс Қазақстан Облысының бруцеллез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: БРУЦЕЛЛЕЗ

Жетекшісі: Есенова Д.К

Орындаған:Алдияр А.Д , Мейірханов А.Т

Астана 2017ж

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізігі бөлім

1. Бруцеллез анықтамсы

2. Тарихына қысқаша шолу

3. Этиологиясы

4. Инфекция көзі

5. Берілу механизмі және беріду жолдары

6. Инкубация кезеңі

7. Эпидемиологиялық ерекшеліктері

7.1 Факторлары:

· Климаттық — географиялық

8. Алдын алу

9. Күресу шаралары (эпидемиологияға қарсы шаралыр)

10. Эпидемиологиялық қадағалау

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бруцеллез барлық континетте көп тараған зоонозды инфекциялық ауру. Қазақстанда жануарлардың инфекциялық ауруларының ішінде 80% құрайды. Бруцеллез жаңадан пайда болған ауру емес, ерте заманнан бері келе жатқан ауру. XIX ғасырдың ортасында Жерорта теңізі елдерінде ауру пайда болған. XIX- XX ғасырда Данияда ірі қара малдарда түсік тудыратын адамға игнфекциялық ауру тіркелген. Жұқпалы ауруға жататынбруцеллездің орны ерекше. Оның қоздырғыштары ұсақ тірі организмдерге жатиады, бір малдан екінші малға тез беріледі. Сондықтан аз уақыт ішінде көптеген малдың ауруына әкеліп соғады. Шаруашылықтарға үлкен шығын әкеледі. Бруцеллез зооноздарға жатады. Себебі бруцеллез адам мен жануарларда бірдей кездесетін жұқпалы ауру. Бруцеллез ауруы еліміздің дамуына кедергі келтіріп, малдан алынатын өнімдер сапасын төмендетіп, экономикасына үлкен зиян тигізуде. Бруцеллез ауруымен ауылшаруашылық малдары ауырып қана қоймай, сонымен қатар адамдар ауырады. Адамдарға ең қауіптісі негізінен қой-ешкілнердің бруцеллезі.Қазақстан Республикасы мал шаруашылығында ірі қара және қой бруцеллезі жөнінде індеттік ахуал қазіргі кездегі ең өзекті мәселелрдің бірі. Соңғы 8 жыл ішінде республика бойынша тіркелген бруцеллезден таза емес пункттер саны ірі қар бруцеллез бойынша 5-28 ге дейін жетіп отыр. Республикалық СЭС мәліметтері бойынша елімізде жыл сайын бруцеллезге шалдыққан 2500-3000 адамға дейін тіркеледі. Адамдардың негізгі бруцеллезді жұқтыру көзі жануарлар болғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек. Жануарлар бруцеллезін зерттеу, бруцеллездің даму динамикасын анықтау індетке қарсы шаралардығылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қамтамассыз етеді. Мал бруцеллезіне қарсы күресті жүргізгенде жалпы ұйымдастыршылық шаралдарынан басқа, арнайы ветиринарлық іс-шаралар ғылыми негізделген әдістемелер бойынша іске асырудың үлкен маңызы бар. Осы себепту бруцеллез ауруы кезінде патоморфологиялық өзгерістерді анықтау қазіргі таңда өте өзекті болып саналады.

Тақырып өзектілігі:

Бруцеллез ауруы – елімізде жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұған себеп еліміздегі мал шаруашылығының дамығандағы, мал шаруашылығымен бұрынна айналысатындығы, мал санының жылдан жылға өсуі мен аурушаңдылық көрсеткіштерінің де жыл сайын жоғарылауына алып келуі.

Мақсаты:

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласының негізгі мақсаты: бруцеллез ауруының таралуы, инфекция көзін анықтау, аурудың алдын алу, ауруға тез арада емдеу шараларын жүргізу, оның тиімділігін бағалау. Елімізде бруцеллез ауруының таралуына бейім аймақтарды анықтау, еңбекке жарамды жас аралықтарындағы аурушаңдықтың дәрежесін бағалау.

Міндеттері:

· Бруцеллез ауруы бойынша аурушаңдылық көрсеткіштерімен жұмыс жасау;

· Аурудың таралу ретін анықтау

· Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау жасау;

Тапсырмалар:

1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бруцеллез аурушаңдылығының жылдық орташа көрсеткішіне сипаттама

2. Бруцеллез ауруының балалар, жасөспірімдер, ересектер арасында таралу көрсеткіштерін сипаттау

3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша мүйізді ірі қараларға жалпы шолу

4. Бруцеллездің негізгі көзін анықтау

Негізгі бөлім

Бруцеллез — Brucella бактериясымен қоздырылатын,жедел және созылмалы түрлерінде өтетін зооантропонозды инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Бруцеллез жайлы тарихи мәліметтер.Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген. Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.

Читайте также:  Головная боль при ГВ что выпить, какие обезболивающее можно кормящим мамам

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы.Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997). Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).

Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар. B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін. B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш. B. abortus иесі — сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19). B. suis иелері — шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі. B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар. B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар. B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.

Инфекция көзі. Адамдардың бруцеллезбен ауыруының негізгі көзі ұсақ және ірі қара мал болып табылады. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен нәжіспен, ұрықтық сұйықтық және түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан- адамға жұқпайды. Оңтүстік қазақстанда негізгі инфекция көзі қой мен ешкі, солтүстік облыстарда –сиыр, Маңғыстау, Атырау облыстарында- түйе. Адамдардың бруцеллез жұқпасын тасымалдауда эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Берілу механизмі және беріду жолдары.

Берілу механизмі – негізгі механизмі нәжіс-ауыз, қосымша тұрмыстық контакт, ауа-тамшылы механиздерімен беріледі.

1. Адамдарға жұғу жолдары:

— тағам өнімдері (сүт және сүт тағамдары)

Жанасу арқылы жұқтыру өте жиі кездеседі, жұқтыру жолдары:

· Ауру малды төлдеті кезінде, мал іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарын (әсіресе шуын) және өлі түскен төлін жалаң қолмен ұстағанда;

· Ауру мал күтімі кезінде олардың зәрі, қиы, жүні арқылы;

· Ауру малдың еті мен сүтін, жүн мен тері өнімдерін өңдеген кезде;

· Ауру малды сою, жүні мен терісін, етін өңдеген кезде ластанған қол арқылы

Тағам өнімдерінен аса қауіпті – сүт және сүт тағамдары, әсіресе ірімшік, сүзбе, брынза, сыр. Еттің қауіптілігі ұзақ уақыт термиялық өңдегенде төмендейді. Шикі, дұрыс термиялық өңделмеген ет өте қауіпті. Ауа-шаң арқылы жұқтыру ауру малдың жүнін, терісін жинап, тасымалдағанда, мал қораларын жинап тазалағанда, өңдегенде, жүнін қырыққанда шаң тозаң арқылы жұғуы мүмкін.

Инкубация кезеңі: 6-30 күн , орташа 18 күн. Ауыз қуысынан малдардың ішіне түскен қоздырғыштар лимфа түйіндеріне жиналып көбейеді, инкубациялық кезеңнің соңғы күндері қан арқылы сүйек буындар, бауыр көк бауырға түседі, одан көбейіп одан қан жүйесіне түседі.

Читайте также:  Мирамистин от конъюнктивита

Эпидемиологиялық ерекшеліктер: Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.

Бруцеллез екі мезгілде күрт көбейеді

1. Қаңтар- наурыз айларындың көбеюі көктемгі жаппай малдың төлдеу кезеңінде жұқтыруымен байланысты.

2. Мамыр айында көбею қойдың жүнін қырқу, өңдеумен байланысты болады.

Ешкінің сүзбесі, ірімшігін көп қолданатын жерлерде жаз-күзгі мезгілдік байқалады. Сиырмен байланысты бруцеллез ауруының өршігуі қазан-қараша айларында, кезедйсоқ сырқаттанушылық түрінде кездеседі. Бруцеллез көбіне малшылар, сауыншылар, мал дәрігерлері, ет комбинат жұмысшылары, жүн, тері жинайтындар, өңдейтіндер арасында таралдады. Көбіне ересек адамдар ауырады балалар сиректеу.

Факторлары:

· Жастықкөбіне ересек 20 жастан жоғары адамдарда аурушаңдық көрінеді

· Мерзімі көктем-жаз айларында өршу байқалады

· Жыныстық – әйел адамдарға қарағанда ерлер бруцеллезбен жиі ауырады.

· Мамандығы— көбіне малшылар, сауыншылар, мал дәрігерлері, ет комбинат жұмысшылары, жүн тері жинайтындар арасында таралады.

· Қала-ауыл ауыл тұрғындары жиі ауырады, себебі ауыл адамдары малмен байланыста болады.

· Климаттық-географиялық – Орта Азия, Кавказ елдерінде, Қазақстанда – ОҚО, Маңғыстау, Атырау облыстарында таралған.

· Әлеуметтік мал шарушылығы дамыған елдерде көптеп кездеседі

Бруцеллездің жіктелуі (Н.Д.Беклемишев, 1957)

1. Латенттік бруцеллез:біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік

2. Жедел бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

3. Баяу немесе жеделдеу бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

4. Созылмалы бруцеллез: біріншілік–созылмалы және екіншілік созылмалы (декомпенсация, субкомпенсация және компенсация сатысы).

5. Бруцеллездің қалдықтары. Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады.

Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады: қалтырау, қызу, терлеу, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия. Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады. Екінші маңызды синдром — полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің белгісі. Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған. Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады — артрит, неврит, орхит және т.б. Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың жалпы токсико — бактериемияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан Облысының бруцеллез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері.

Ағымдағы жылдың соңғы үш айында ШҚО-ның Зайсан, Тарбағатай, Курчум аудандарында бруцеллезбен аурушаңдықтың деңгейі 2,5тен 12ге дейінгі көрсеткішті көрсетті. Ең қауіптісі, инфекция жануарлардан адамдарға жұғуы. 2014 жылдың өзінде Шығыс Қазақстанда бруцеллезбен 137 адам ауырған, олардың 10-ы балалар. 2013 жылда ауырғандар саны 121 адам, оның ішінде 10-ы балалар.

Алдын алу: Бруцеллезге қарсы санитарлық – ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ «ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцелезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана сау малдарға қосу.

Читайте также:  Витамины для беременных женщин когда и зачем они нужны

2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бағалау, түсік тастайтын малдарды мұқият серологиялық, бактериологиялық, аллергиялық әдістермен тексеру.

Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе серологиялық тексерулер оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып табылады, онда санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Ауру малды сау малдан жекешелеп, арнайы жобаланған пункттерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.

Бруцеллез дегеніміз

Оның айтуынша, қолдағы мал ауру болса, оның дерті адам­дарға жұқпай қоймайды. Сон­дықтан қолдағы барлық жан­уарлардың денсаулығын тексеріп, емдетіп, ауруларға қарсы ем-дом қолданудың ар­ты­ғы жоқ. Әсіресе солтүстік өңір сияқты малды көп өсіретін аграрлы елдің халқы малдан жұғатын дерттерге көп ұшырайды. Тіпті дерт малдан ғана емес, ит пен мысықтан, құстан да жұғуы мүмкін.

Ветеринарлық шаралар дегеніміз – адамдар мен малдың денсаулығын сақтау үшін жасалатын шаралар кешені. Оны біз көктемдік және күздік деп екі кезеңге бөліп жасаймыз. Көктемдік шаралар наурыз бен маусым аралығында, ал күздік шаралар қыркүйектен қараша айына дейін жасалады. Осы шаралардың барысында малға екпе егумен қатар туберкулез, бруцеллез және лейкоз сияқты дерттердің бар-жоғын анықтау үшін қан аламыз, деді маман.

Бұл үшін эпизоотикалық мониторинг деректерінің не­гізінде ветеринарлық шара­лар­дың жоспары жасалады. Оның барысында малдың саны, препараттардың қолданылуы сияқты толып жатқан деректерге мән беріледі. Тексеріс мал­дың кімнің меншігінде еке­ні­не қарамай жаппай жасалады.

Солтүстік Қазақстан облысында осы жұмыстарды атқа­ра­тын мал дәрігерлерінің саны – 292 адам. Биыл ветеринарлық шаралар қыстың жылымық болуына байланысты ақпан айынан басталды. Соның ішінде су басуы мүмкін аймақтарға ал­дымен жүргізілген. Егер мал­дың ауру екені анықталса, ондай малды 15 күннің ішінде жою міндеттеледі.

– Бүгінгі таңда 2020 жылға белгіленген жоспардағы жұ­мыс­тардың 95 пайызы орындалды. Тексеріс барысында облыс бойынша 312 қара мал­дан, 1 қойдан бруцеллез, 3 сиырдан туберкулез анық­тал­ды. Дегенмен, биыл осындай дерттер былтырғымен салыс­тыр­ғанда азайды. Бұл вакцинаны уақытында салып, ем-дом жұмыстарының дер кезінде жүргізілгенінің нәтижесі, – деді Берік Әлжанов.

Қазір облыс бойынша вете­ри­нарлық шараларды өт­кі­зуге қолбайлау болатын еш­қан­дай кедергі жоқ. Диаг­нос­тикалық орталықтар қа­лып­ты жұ­мыс істеуде, ветери­нар­­лық пре­па­рат­тардың тап­шы­­лығы ең­серілген. Бірақ кей­бі­рінің сапасы төмен болып келе­тіні рас. Сонымен бірге пре­параттарды сақтайтын орындар қажетті құралдармен қамта­масыз етіл­ген.

Пан­демияның лаңы вете­ри­нарлық жұмыстарды жүр­гізуге де кедергі болған. Мал дә­рі­герлерінің жүріс-тұры­сы­на шектеу қойылған. Кейбір мал иелері де коронавирус­ты сылтауратып мамандарды қо­ра­ларына кіргізбеуге тырыс­ты. Олардың бәріне жергілікті әкім­дік қызметкерлерімен бір­лесе отырып, түсіндіру жұ­мыстары жүргізілді. Ал вете­ринарлық қызметкерлер қа­жет­ті қауіпсіздік шараларын сақтап, өздерімен бірге мін­дет­ті түрде бетперде, антисеп­тик, қолғап, арнаулы киім алып жүр­ді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сабақ дайындамасы: Малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез

Международные дистанционные “ШКОЛЬНЫЕ ИНФОКОНКУРСЫ”

для дошкольников и учеников 1–11 классов

Оргвзнос: от 15 руб.

Идет приём заявок

VI Международный дистанционный конкурс «Старт»

Идет приём заявок

  • 16 предметов
  • Для учеников 1-11 классов и дошкольников
  • Наградные и подарки
  • Все материалы
  • Статьи
  • Научные работы
  • Видеоуроки
  • Презентации
  • Конспекты
  • Тесты
  • Рабочие программы
  • Другие методич. материалы

  • Орманова Дарига ИзимгалиевнаНаписать 3822 23.01.2015

Номер материала: 330530

  • Другое
  • Другие методич. материалы

Добавляйте авторские материалы и получите призы от Инфоурок

Еженедельный призовой фонд 100 000 Р

    23.01.2015 700
    23.01.2015 1844
    23.01.2015 992
    23.01.2015 787
    23.01.2015 573
    23.01.2015 468
    23.01.2015 668

Не нашли то что искали?

Оставьте свой комментарий

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.

Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение редакции может не совпадать с точкой зрения авторов.

Ссылка на основную публикацию
Шкала оценки пищевого поведения
Шкала оценки пищевого поведения Содержание 1 Описание методики 2 Теоретические основы 3 Внутренняя структура 4 Валидизация 4.1 Конструктная валидность 4.2...
Шизофрения симптомы, формы, лечение, профилактика в домашних условиях
Шизофрения Шизофрения – это психическое расстройство, сопровождающееся развитием фундаментальных нарушений восприятия, мышления и эмоциональных реакций. Отличается значительным клиническим полиморфизмом. К...
Шизофрения у мужчин симптомы, признаки, причины, как лечить
Шизофрения у мужчин: как проявляется, диагностика, лечение Шизофрения – тяжелое психическое заболевание, которое чаще выявляется у мужчин (60% случаев), сопровождается...
Школа грамотности Романовых Курсы русского языка ВКонтакте
m2650 Федеральное государственное бюджетное образовательное учреждение высшего профессионального образования «Юго Западный государственный университет» Кафедра «Философия и социология» Современные социологические теории...
Adblock detector